Құрметті сайт қонақтары!
Сіздерді Ақмола облысының білім басқармасы Жақсы ауданының білім бөліміне қарасты “Моховое ауылының негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер.
Біздің мектеп – білім беру мен тәрбиелеу ісін заманауи талаптарға сәйкес ұйымдастыратын оқу орны. Мектептің басты мақсаты – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушылардың шығармашылық және жеке қабілеттерін дамыту, елжанды, жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу.
Бұл сайттан сіздер мектептің құрылымы, оқу-тәрбие үдерісі, педагогикалық ұжымның қызметі, жаңалықтар мен ресми құжаттар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Біз ашықтық, қолжетімділік және өзара ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоғаммен тиімді байланыс орнатуға ұмтыламыз.